МКҚК «Балдырған» бөбекжай-бақшасының
жалпы кәсіподақ жиналысының
№1 Хаттамасы
Күні: 26.12.2025 жыл
Қатысқандар: 20
Қатыспағандар: 4(себепті)
Күн тәртібінде:
«Балабақшада жемқорлықтың алдын алу шаралары» Баяндама
Викторина сұрақтар.
Тыңдалды:
1.Жиналысты бөбекжай-бақшаның кәсіподақ ұйымының төрайымы
Искалиева Жумасулу Алпысбаевна ашып күн тәртібімен таныстырып, «Сыбайлас жемқорлықпен» күресу жолдары жөнінде баяндама оқып берді...
-«Сыбайлас жемқорлық»-деген түсінік мағынасына этимолгиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу». «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу»-деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.
ҚР «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемілекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».
Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық,тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы»(1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»(1998) ҚР заңдары жатады.
ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап),
Коммерциялық сатып алу(231-бап),
Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (307-бап),
Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап),
Пара алу(311-бап),
Қылмыстық жалғандық жасау (314-бап)
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының директоры Косниязова Гульсара Тлековна сөз алып қызметкерлер арасында Викториналық сұрақтар ұйымдастырды:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң кашан қабылданды? 2.07.1998жыл
«Сыбайлас-жемқорлық» деген не?
(«Сыбайлас жемқорлық»-деген «параға сатып алу». «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді)
3.Құқық деген не?
(мемлекет орналасқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың)жиынтығы)
4.Заң деген не?
(мемлекеттің ең жоғары басқарушы органының шығарған , қабылдаған ең жоғары күші бар нормативтік кесім .Барлық заңдар және заңға тәуелді нормативтік кесімдердің Конституцияға сәикес болуын Заңның үстемдігі дейді)
5.Пара беру дегеніміз не?
(қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау)
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?
(Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
7.Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды?
(2003ж 9 желтоқсан)
« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заң қашан қабылданды? (18.11.2015жыл)
9.БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды?(31.10.2003ж)
Шешім:
1.Бөбекжай-бақшасында сыбайлас-жемқорлықпен күресу жолдары мен таныстыра отырып, жемқорлықты болдырмауға ықпал ету.
Кәсіподақ төрайымы:Ж.А. Искалиева
Хатшы: Г.Ө. Нұрғали